Home Экономика және бизнес Экономика Меркі ауданының 2012 жылдың қаңтар-маусым айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы
Меркі ауданының 2012 жылдың қаңтар-маусым айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы PDF Печать E-mail
30.07.2012 16:33

 

Аудан экономикасының өнеркәсіп саласында кәсіпорындар 2012 жылдың қаңтар-маусымында 1 млрд. 264 млн. 448 мың теңгеге өнеркәсіп өнімін өндірді. Нақты физикалық индекс көлемі 48,8 пайызды құрады. (өнеркәсіп өнімінің төмендеуінің негізгі себебі 2012 жылдың қантар айынан бастап Меркі қант зауыты шикі зат жоқтығынан тоқтап тұр. «Меркі қант зауыты» ЖШС 2011 жылдың 6 айында 208,7 млн. теңгеге қызмет көрсетіп, 21390 тонна қант шығарған)

 

Ауыл шаруашылығы саласы аудан бойынша айдалмалы жер көлемі 98139 гектар, оның ішінде суармалы жер 17155 гектар.

Аудан көлеміндегі 2012 жылғы өнім үшін себілген ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік көлемі: күздік бидай -16100 га, жаздық арпа - 12520 гектар, майлы дақылдар – 9500 гектар, дәндік жүгері - 500 гектар, қант қызылшасы – 2036 га, көкөніс 981 гектар, қартоп – 525 га, бақша - 231 га.

Аудан көлемінде егін орағы басталуда, жалпы орылатын масақты дақылдарының алқабы 28,6 мың гектар. Егіс орағына 174 дән комбайындары, 500 астық тасымалдаушы автокөлік, 30 өрт сөндіруші техникалары, 14-механикаландырылған қырмандар жұмылдырылды.

Ауданда мал азығын дайындау жұмыстары басталып, 21 мың гектар жоңыршка дақылы, 2,0 мың гектар табиғи шабындықтар шабылып, жалпы көлемі 61,3 мың тонна пішен дайындалды.

Ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіріп өндіру жұмыстарына Үкімет тарапынан субсидиялық қолдау бағдарламасы бойынша 164,0 млн. теңге бөлініп, 50,5 млн. теңгесі игерілді.

Есепті кезеңде ауданда 35 мың 958 мүйізді ірі қара, 282 мың 217 қой ешкі, 11 мың 571 жылқы, 80 түйе, 4 мың 572 шошқа, 137 мың 353 құс бар. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда ірі қара 7608 басқа, қой ешкі 10556 басқа, жылқы 1209 басқа, түйе 3 басқа, шошқа 2132 басқа, құс 6600 басқа азайып отыр.

Аудан бойынша 14669,6 тонна сүт, 2536,0 тонна ет, 1077 мың/дана жұмыртқа, 840,8 тонна жүн өндірілді. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда ет 27,0 тоннаға, жүн 31,2 тоннаға артық өндірілді.

«Сыбаға» бағдарламасы бойынша «КазАгро» ұлттық басқарма холдингі АҚ-нан «Нұржан» ШҚ - 11 млн. 900 мың теңге несие алып, 63 бас сиыр 2 бас бұқа сатып алды.

ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІК ауданда тіркелген орта, шағын және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің барлық саны 4516, оның ішінде 11 орта, шағын 194, жеке 2742 және шаруа қожалықтарының саны 1569. Кәсіпкерлік салада барлығы – 12320 адам жұмыс атқарады.

Есепті кезеңге орта, шағын кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлік бойынша 1 млрд. 942,7 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, қызмет жұмыстары көрсетілді. Кәсіпкерлік сала бойынша аудан бюджетіне 369,1 млн. теңгенің төлемі түсті.

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламаның өндірістік инфрақұрылымдарды дамыту бағыты бойынша «Нарт» шаруа қожалығының орта құмдағы «Жұмабай» учаскесіне (17 шақырым жерге) құны 33,6 млн. теңгеге электр сымдарын жүргізу жұмыстары басталды.

ҚҰРЫЛЫС 2012 жылдың қантар-маусым айларында жалпы алаңы 7001,0 шаршы метр тұрғын үйлер пайдалануға берілді былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 105,4 пайызды құрады.

Сметалық құны 471,6 млн. теңгені құрайтын Меркі ауылындағы Сарымолдаев көшесінің бойындағы 280 орындық бала бақшаның құрылысы аяқталды. Бүгінгі күнге нысанды мемлекеттік комиссия қабылдау жұмыстарын жүргізуде.

Меркі ауылындағы 1000 оқушыға арналған мектептің құрылыс жұмыстары жүргізілуде, мектептің құрылыс жұмыстарының жалпы сметалық құны 969,1 млн. теңге, 2011 жылы 256,0 млн. теңгесі игерілді. 2012 жылға 686,2 млн. теңге бөлініп, игерілгені 588,6 млн. теңге немесе 85,8 %. Жоспар бойынша нысананың қабылдау мерзімі 22 тамыз 2012 жыл.

Акермен ауылының су жүйесінің құрылысы 2010 жылы басталып, 2011 жылы 17,8 млн. теңге бөлініп игерілді. 2012 жылы құрылысты аяқтауға қалған 122,7 млн. теңгесі бөлінді. Нысананың іске қосылуы 2012 жылдың 15 қазаны.

Сұрат және Жамбыл ауылдық округтерінің жерлерінде мал өлекселерін тастайтын шұнқыр (Беккари шұнқыры) құрылысын жүргізуге аудандық бюджеттен 27,4 млн. теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Игерілген қаржы 18,9 млн. теңге немесе 69 %. Нысананың іске қосылуы 31 шілде 2012 жыл.

Интернациональное және Т. Рысқұлов ауылдарындағы 300 және 180 орындық мектеп құрылысының жобалық-сметалық құжаттарын дайындауға аудандық бюджеттен 12 млн. теңге бөлініп, жобалық-сметалық құжаттары дайындалуда.

Жамбыл ауылындағы 280 орындық бала бақша құрылысының жобалық- сметалық құжаттарын дайындауға 6,0 млн. теңге бөлініп, жобалаушы мекеме мемлекеттік сатып алу конкурсы арқылы анықталуда.

Аудандық бюджеттің орындалуы 2012 жылдың қантар-маусым айларында кіріс бөлігі 3 млрд. 483,8 млн. теңгеге жоспарланып, 3 млрд. 370,1 млн. теңгеге орындалып, 96,7 пайыз немесе бюджетке 113,7 млн. теңге кем түсті.

Ал шығыс бөлігі 3 млрд. 577 млн. теңгеге жоспарланып, 3 млрд. 446,7 млн. теңгеге орындалып, 96,4 пайызды құрады немесе 130,3 млн. теңгесі игерілмеді.

Жалпы мемлекеттік бюджет 103,1 пайызға орындалып, болжамдағы 1 млрд. 023,3 млн. теңгенің орнына 1 млрд. 055,2 млн. теңге кіріс кірді. Облыс бюджеті 158,1 пайызға орындалып, болжамдағы 138,5 млн. теңгенің орнына 218,9 млн. теңге кіріс кірді. Аудан бюджеті 86,4 пайызға орындалып, 692,8 млн. теңгенің орнына 598,9 млн. теңге кіріс кірді, немесе 94,0 млн. теңге кем түсті.

Ауданның еңбек нарығында 2012 жылдың қантар-маусым айларында жұмыспен қамту бөліміне 376 адам қайырылып, 150 адам жұмыспен қамтылды. Есепті кезеңде тіркелген ресми жұмыссыздардың саны 156 адам.

2012 жылы жұмысқа орналасуға қиындық көріп жүрген адамдарға қоғамдық ақылы жұмыстарды ұйымдастыруға аудан бюджетінен 200 жұмыссызға 13,1 млн. теңге берілді. Жыл басынан бері қоғамдық ақылы жұмысқа 102 жұмыссыз тартылып, оларға 4,9 млн. теңге тағайындалып, төленді.

Аудан бюджетінен әлеуметтік жұмыс орындарына 8 адамға 419 мың теңге бөлініп, есепті мерзімде 122,2 мың теңгесі тағайындалып, төленді.

Жастар тәжірибесін ұйымдастыру үшін жергілікті бюджеттен 191,0 мың теңге бөлініп, 2 адам жастар тәжірибесіне тартылып, оларға 70,0 мың теңге тағайындалып, төленді.

Кәсіпкерлік даярлау және қайта оқытуға аудан бюджетінен 520,0 мың теңге бөлініп, 25 жұмыссыз азаматтар компьютер мамандығы бойынша оқуға жіберілді.

Жұмыспен қамту орталығы «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы негізінде 2012 жылдың бірінші жартыжылдығында әлеуметтік жұмыс орындарына 50 адам, жастар тәжірибесіне 60 адам жіберді, оларға жыл басынан бері 18,8 млн. теңге қаралып, есепті кезеңде игерілгені 6,5 млн. теңге немесе 34,6 %.

Есепті кезеңде қайта даярлау үш айлық оқу курсына 38 адам, біліктілігін арттыру бір айлық оқу курсына 12 адам жіберілді.

ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, халықтың тұрмысы төмен санаттарының табыс көзін арттырып, ауданда кедейшілік деңгейін төмендету барысында әлеуметтік салада бір қатар жұмыстар атқаруда. 2012 жылдың бірінші жартыжылдығында ауданымызда 2123 отбасындағы 18 жасқа толмаған 6253 балаға 48,5 млн. теңге мемлекеттік балалар жәрдемақысы тағайындалып, толығымен төленді.

Ауылдық округтер жанындағы учаскелік комиссиялардың қортындысына сәйкес 2012 жылдың есепті мерзімінде табысы кедейшілік шегінен төмен 95 отбасындағы 483 азаматқа 4,1 млн. теңге көлемінде әлеуметтік көмек төленді.

БІЛІМ САЛАСЫ. Ауданымызда жалпы білім беретін 38 мектеп, ондағы жыл басындағы оқушылар саны – 13776 оқушы. Аудан мектептерінде 2170 ұстаз еңбек етуде, жыл басынан бері 127 білім қызметкерлері республикалық, облыстық кәсіби білім жетілдіру курстарынан өтіп, білімін көтерді.

2012 жылдың қантар-мамырында 1-4 сыныптардағы 5479 оқушылардың 4146 яғни 79,4 % жергілікті бюджет есебінен бір мезгіл тегін ыстық тамақпен қамтылды, оның ішінде білім беру қоры есебінен аз қамтылған отбасының 1072 оқушысы (100 %) тамақтанды.

Есепті кезеңде жергілікті бюджеттен 10,8 млн. теңге бөлініп №4 орта мектептің қазандық ғимараты ағымды жөндеуден өткізіліп, №4 және №44 орта мектептердің жылу қазандықтары табиғи газға қосылды.

№18 орта мектепті күрделі жөндеуден өткізу үшін 3,7 млн. теңгеге ЖСҚ дайындалды.

Облыстық бюджеттен Сыпатай ауылындағы №19 ОМ жанындағы шағын орталықтын күрделі жөндеу жұмыстарына 39,6 млн. теңге, Меркі ауылындағы балалар мен жасөспірімдердің «Үміт» сарайына 83,1 млн. теңге бөлініп, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Есепті кезеңде игерілген қаражат №19 ОМ жанындағы шағын орталық бойынша 25,9 млн. теңге немесе 68,0 %, «Үміт» сарайы бойынша 23,1 млн. теңге немесе 30,0 %.

Облыстық бюджеттен Кеңес ауылындағы №6 ОМ ағымды жөндеу жұмыстарына 15,3 млн. теңге, №1, №3, №9, №22 орта мектептерінің жылыту қазандықтарын табиғи ғазға қосуға 31,2 млн. теңге бөлініп, есепті кезеңде жөндеу жұмыстарына ашық конкурс жарияланып, мердігер анықталуда.

Ақарал ауылындағы бала бақша ғимаратына жылыту қазандығын орналастыру және жылыту жүйесін жүргізуге аудандық бюджеттен 21,0 млн. теңге қаражат бөлініп, есепті кезеңде жөндеу жұмыстарына ашық конкурс жарияланып, мердігер анықталуда.

2012 жылы мектеп бітіруші 799 оқушы ҰБТ-ге қатысты, бұл 80 % құрайды (2011 жылы 811 қатысып, 83,9 %). Былтырғы жылмен салыстырғанда мектеп бітірушілердің ҰБТ-ге қатысу деңгейі 3,9 %-ға төмендеген. Аудан бойынша орташа балл – 76,05, 2011 жылға қарағанда 17,54 балға төмендеп отыр.

Тест қорытындысы бойынша ауданда «Алтын белгі» төсбелгісін алуға ұсынылған 47 үміткердің тек 9-ы (19,2 %) ғана өз білімдерінің лайықты екенін дәлелдеді.

МӘДЕНИЕТ САЛАСЫ Ауданның мәдениет саласында 1 орталық мәдениет Үйі, 7 ауылдық мәдениет үйі, 7 ауылдық клубтар, 1 орталық кітапхана, 1 балалар кітапханасы, 26 ауылдық кітапханалар және 1 мұражай халыққа қызмет атқаруда.

«Ақтоған» мәдениет үйінің және орталық саябақтын күрделі жөндеу жұмыстарына жергілікті бюджеттен 3,6 млн. теңге бөлініп, жобалау сметалық құжаттамасы дайындалды.

Жұмыспен қамту -2020 бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен Аспара ауылындағы клубтың күрделі жөндеу жұмыстарына 14,3 млн. теңге, орталық саябаққа 40,0 млн. теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Есепті кезеңде игерілген қаражат Аспара ауылдық клубы бойынша 4,8 млн. теңге немесе 33,6 %, орталық саябақ бойынша 11,8 млн. теңге немесе 30,0 %.

ТЕЛЕКОММУНИКАЦИЯ Ауданымыздың барлық елді мекендері телефон байланысымен қамтамасыз етілген, есепті мерзімде абонент саны 12395 (2011 ж.-11786).

ЖОЛДАР 2012 жылы аудандық маңызы бар автомобиль жолдардың орташа жөндеу жұмыстарына 272,049 млн. теңге бөлінді, оның ішінде облыстық бюджеттен 44,049 млн. теңге, аудандық бюджеттен 228,0 млн. теңге. Есепті кезеңде жалпы игерілгені 94,8 млн. теңге.

Үстіміздегі жылы барлығы 16 көше және 3 ауылға кірме жолдар орташа жөндеуден өтетін болады. Есепті кезеңде 2 көше (Карцаг, Ынтымақ) және 1 ауылға (Кызыл сай) кірме жолдар бойынша жөндеу жұмыстары толық аяқталып, мемлекеттік қабылдауға тапсырылды.

13 көше және 2 ауылға кірме жолдар бойынша, жөндеу жұмыстарды жүргізетін мердігер анықталып, жұмыстар жүргізілуде, 1 көше бойынша құжаттар ашық конкурсқа жіберілді, конкурстық құжаттаманың ашылу күні 2012 жылдың 28 шілдесі.

Көшелерді жарықтаңдыру 2012 жылға көшелерді жарықтандыру жүйесіне 56,5 млн. теңге бөлінді, оның ішінде 15,5 млн. теңге облыстық бюджеттен, 41,0 млн аудандық бюджеттен. Қазіргі таңда Меркі ауылы Сарымолдаев көшесі, Ойтал ауылдық округіндегі Совхозная, Т.Қожакеев, Сыпатай ауылының орталық көшесін жарықтандыру бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Меркі ауылдық округінің М. Маметова және А.Асқаров көшелері, Андас батыр ауылдық округінің Больничная көшесі, Аспара ауылдық округінің Балапанова және Целинный көшелерін жарықтандыру үшін мердігер анықталып, құрылыс жұмыстары басталды.

Тәтті ауылдық округіндегі орталық көшесін және Мектеп көшесін жарықтандыру үшін жергілікті бюджеттен 900,0 мың тенге бөлініп, жобалау сметалық құжаттамасы дайындалуда.

Табиғи газ құбырын тарту жұмыстары республикалық бюджет есебінен 414,9 млн. теңге бөлініп, ауданның он елді мекеніне табиғи газ құбырын жүргізу үшін жобалау сметалық құжаттама дайындалып, қортындысы алынып, газ құбырларының құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін конкурсқа жіберілді.

Жергілікті бюджеттен 7,4 млн. теңге бөлініп, Қазақ-Дихан, Арал-Қыстақ ауылдарына және Меркі ауылындағы Есімбеков көшесіне табиғи газ құбырын тарту үшін жобалау сметалық құжаттама әзірленіп, сараптамадан өткізілді, ал Сарымолдаев ауылының 10 көшесіне газ құбырын жүргізу үшін жобалау сметалық құжаттама дайындалып, сараптамадан өткізілуде.

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫ Ауданда халыққа қызмет көрсететін 185 орындық 1 орталық аурухана, 1-туберкулезге қарсы диспансер, 1 емхана, 13 дәрігерлік амбулатория, 27-медициналық пункт бар. Денсаулық саласында барлығы 110 дәрігер және 397 орта буын медицина қызметкерлері жұмыс атқарады.

Республикалық және облыстық бюджеттен орталық ауруханаға дәрі-дәрмекке 59,9 млн. теңге, тамаққа 12,2 млн. теңге бөлініп, толығымен игерілді.

Аудандық орталық аурухананың кір жуу бөлімінің және дезинфекциялық камераның күрделі жөндеу жұмыстарына 14,5 млн. теңге, денсаулық саласындағы 5 мекеменің және орталық аурухананың инфекция бөлімінің ағымды жөндеу жұмыстарына 9,0 млн. теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Сарымолдаев ауылында дәрігерлік емхана ғимаратының құрылыс жұмыстары жүргізіліп, бүгінгі күнге мемлкеттік қабылдау жұмыстары жүргізілуде.

Ауданда 1 жастан 18 жасқа дейін балалардың алдын-ала тексеруден 25946 бала өту керек болса, оның 12820 бала тексеруден өтіп, 49,0 % құрады.

Қылмыс Ауданда қылмыспен күресу және оның алдың алу бойынша жұмыстар жүргізілуде. 2012 жылдың қантар-маусымында ауданда 347 қылмыс тіркелген, бұл 2011 жылдың тиісті кезеңінен 2,4 есе жоғары. Есепті кезеңде қылмыстардың ашылуы 42,1 пайызды құрайды.

Қорыта келгенде ауданның әлеуметтік экономикалық дамуын жүйелі түрде сараптап, соған сәйкес алдағы уақытта нақты жұмыстар жалғасын табатын болады.

 
Баннер

Бас мәзір

Сейчась на сайте?

Сейчас 7 гостей онлайн

Банерлер

 

merkekz

1207306102

blog_merke

ipo_468x68_r_r_r_

adilet_logo

kazkontent

kaz_2050

03.03.2014_5